Қазақстанның бір қаласының тұрғындары жаздың соңына дейін ыстық сусыз қалды

Ақтау тұрғындары жаздың соңына дейін ыстық сусыз қалады. Магистральдық құбырларда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының ұзартылуына байланысты ыстық су беру мерзімі тағы кейінге шегерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қалада ыстық су 27 маусымнан бері тоқтатылған. Сол кезде "МАЭК" ЖШС магистральдық жылу құбырлары мен тарату желілерінде жөндеу жұмыстары басталғанын мәлімдеген болатын.
Бастапқыда тұрғындарға ыстық су 12 шілдеде беріледі деп уәде етілген. Кейін жөндеу мерзімі 1 тамызға дейін ұзартылды. Енді энергия комбинаты жұмыстың жалғасуына байланысты ыстық су тамыз айының соңында ғана қосылатынын хабарлады.
"Магистральдық құбырдағы жөндеу жұмыстарының жалғасуына байланысты ыстық су беру мерзімі тамыздың соңына ауыстырылды", – делінген "МАЭК" баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, осы уақытта Ақтауда күндізгі ауа температурасы 30 градустан төмен түспей тұр.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді