Қазақстанда тағы бір демалыс күнін енгізу ұсынысы қаралуы мүмкін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай қоғамнан сұраныс болса Қазақстанда Конституция күніне байланысты қосымша демалыс күнін енгізу мәселесі қарастырылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкіметтегі брифингте Виктория Шегай журналистердің Конституция күніне байланысты мерекелік демалыс күндерін көбейті туралы сұрағына жауап берді. Бұған дейін Тәуелсіздік күніне орай 16 желтоқсанда екі күндік демалыс қарастырылған болатын.
Сұраққа жауап берген Виктория Шегай Конституцияға енгізілген өзгерістерден кейін 25 қазанның ұлттық мереке әрі ресми демалыс күні болып бекітілгенін еске салды.
“Конституция күніне келсек, жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін 25 қазан да мереке күніне айналды. Сондықтан бұл ресми демалыс күні болып саналады”, – деді вице-министр.
Журналистер кейіннен кейбір мерекелердегідей тағы бір қосымша демалыс күнін енгізу мүмкіндігі қарастырыла ма деп нақтылады. Шегайдың айтуынша, мұндай мәселе қоғамның сұранысына қарай қаралуы мүмкін.
“Екі күндік демалысқа қатысты мәселе азаматтардың пікірін ескере отырып қаралады деп ойлаймын. Қазір бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймын”, – деп қосты ол.
Вице-министр болашақта мұндай бастама қарастырылуы мүмкін екенін алға тартты.
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді
Оқыңыз