Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұптар 26 маусым күні жаппай үйленгелі жатыр

қазақстан неке
Фото: magnific.com

Биыл 26 маусым күні Қазақстанда шамамен 4 мың жұп неке қиюды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әсіресе, үш мегаполистің тұрғындары әдемі күнде некесін заңдастыруды шешкен. Алматыдан 830 жұп өтініш берген. Астанадан – 740, Шымкенттен – 141 өтініш түскен. 

"Азаматтарға арналған үкімет" әдемі үйлескен күнді пайдаланып, некесін заңдыстыратын қазақстандықтар көп. Мұндай күні сұраныс та көп болады. 

26.06.2026 қайталанатын цифрларға байланысты "әдемі" және символикалық күн деп саналады. Нумерологияда мұндай комбинациялар ерекше деп есептеледі, өйткені олар оңай есте қалады және тәртіп, үйлесім сезімін тудырады.

Сонымен қатар 2 саны – серіктестік, одақ және тепе-теңдікпен байланысты болса, 6 саны – отбасы мен үй ұғымын білдіреді. Сондықтан "26" комбинациясы көбіне берік әрі үйлесімді некенің символы саналады.

Жалпы алғанда, қазақстандықтар қазір бұрынғыға қарағанда сирек үйленетін болған. Өткен жылы 116 мың неке тіркелген. Бұл 10 жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 20 пайызға аз.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 18 Маусым, 2026 08:54