Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтижеге жетті

оқушылар жеңіске жетті
Фото: Оқу-ағарту министрлігінен

Қазақстандық оқушылар 26 шілде мен 2 тамыз аралығында Румынияның Бухарест қаласында Лингвистикадан халықаралық олимпиадада (IOL) тарихи нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жоғары нәтиже көрсетіп, бір қола медаль мен үш Құрмет грамотасын иеленді.

Қола медаль иегері:

• Шыңғыс Карасаев – Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы.

📃 Құрмет грамотасының иегерлері:

• Рамазан Бутантаев – Маңғыстау облысы Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты Мамандандырылған IT лицейінің 11-сынып оқушысы;
• Аслан Ажибаев – Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы;
• Кирилл Тургумбаев – Қостанай облысы Жітіқара ауданы білім бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.

Осылайша, Қазақстан құрамасының аталған олимпиадаға қатысу тарихында алғаш рет команда мүшелерінің барлығы марапатқа ие болды.

Құрамаға Ягеллон университетінің студенті Оспанова Дана Еркінқызы жетекшілік етті.

Олимпиадалық лингвистика елімізде дамып келе жатқан жаңа бағыттардың бірі. Бұл нәтиже қазақстандық оқушылардың аталған саладағы жоғары әлеуетін көрсетті.

Назархан Уән
Жексенбі, 02 Тамыз, 2026 19:17