Қазақстандық Instagram мен TikTok-та есірткі жарнамалаған

Жітіқара ауданында психотроптық заттарды заңсыз жарнамалап, саудалағаны үшін 7 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қыз телекоммуникация желілері мен онлайн-платформаларды пайдаланып, алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз жарнамалап келген.
“Ол қылмыстық кодекстің 299-1-бабы 2-бөлігі 1,4-тармақтарымен және психотроптық заттарды және олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау әрекеттерін аса ірі мөлшерде, адамдар тобы арқылы жасағады деп қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 1,3-тармақтары бойынша айыпталды”, – деп хабарлады жергілікті сот.
Тергеу мәліметіне сәйкес, сотталушы Жітіқара қаласында адамдар тобымен бірге мессенджер арқылы заңсыз жарнама жасаған. Атап айтқанда, Telegram арқылы есірткі және психотроптық заттардың заңсыз саудалауға адамдарды тартпақ болған. Сонымен қатар TikTok пен Instagram әлеуметтік желілерін пайдаланып, жарнаманы ілгерілету үшін таргетологтарды тартқан және қылмыстық әрекетке жаңа қатысушыларды қосқаны үшін заңсыз сыйақы алып отырған.
Одан бөлек 2026 жылы 25 қаңтарда қыз кейін сату үшін есірткі құралдары, психотроптық заттар және олардың аналогтары салынған сәлемдемені алғаны белгілі болды.
ОқыңызМемлекеттік айыптаушы сотталушыны 7 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал сотталушы мен оның қорғаушылары бас бостандығынан айыруға байланысты емес, жеңілірек жаза қолдануды талап етті.
Сот сотталушының өз ісіне өкінетінін және оның тым жас екенін ескеріп, мұны жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарастырды. Нәтижесінде ол 7 жылға бас бостандығынан айырылып, орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейтын болды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты