Ақтөбе облысында тәрбиеші мен күтуші үш жасар балаларды ұрып келген

Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы "Болашақ" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі балаларға күш көрсетіп келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Жетінші арнаға” сілтеме жасап хабарлайды.
Тек тәрбиеші ғана емес, күтуші де балаларға қол көтеріп, екеуі бірігіп үш жастағы бүлдіршіндерді ұрып-соққан. Балалар тым кішткентай болғандықтан өздерін қорғай алмаған, болған жайтты ата-аналарына да айта алмаған.
Тәрбиеші мен күтушінің балаларға қатыгездік көрсетіп келгені бейнебақылау камераларындағы жазбалардан белгілі болды. Олардың балаларды жұлқылап, бастарынан ұрып жатқан сәттері анық көрінеді. Шындық ашылғаннан кейін бірден 12 ата-ана балабақша меңгерушісіне және білім басқармасына шағымданған. Қазір бұл факті бойынша тергеу басталды.
“Қазір аталған дерек бойынша жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғанға дейін екі қызметкер уақытша жұмыстан шеттетілді. Егер заңбұзушылықтар расталса, қолданыстағы заңнамасына сәйкес қатаң шаралар қабылданады”, – деді Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы Аянберген Башанов.
ОқыңызБұған дейін Шымкентте тәрбиеші бүлдіршіндерді ұйықтату үшін балабақшаға өзімен ине алып келгені туралы жазған едік. №59 “Айша” мемлекеттік бөбекжайында тәрбиеші балаларды инемен қорқытып, ұйқыға жатқызған.
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты