Маңғыстау фермерлері апат салдарынан қырылған мал үшін өтемақы талап етті
Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы фермерлер табиғи апат кезінде малдардың қырылып қалғаны үшін биліктен өтемақы талап етіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Аудан тұрғындары қатты жаңбыр салдарынан балшыққа батып кеткен малдың қырылғанын мәлімдеді.
Аудан әкімшілігі 20-21 сәуірде жылқы-құлындар, түйелер, қойлар мен ешкілерді қоса алғанда, 553 малдың қырылғанын хабарлады.
"Жергілікті билік органдары өнеркәсіптік кәсіпорындармен бірлесіп, жер эрозиясын және су басу мәселесін шешу үшін арнайы техниканы жұмылдырып жатыр. Қазір мал санағы және тиісті есептерді дайындау жүргізілмек. Есептер толтырылып, жануарлар анықталғаннан кейін ветеринарлық қызметпен бірге өлген малды арнайы техниканы пайдаланып жою басталады. Жоғалған мал үшін өтемақы мәселесі қолданыстағы заңнама аясында қарастырылады", – деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігі.
Еске салсақ, Маңғыстауда қолайсыз ауа райынан 100-ден аса жылқы қырылған еді.
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"
"Несиені жапқаннан кейін көлігімді тартып алды": Қазақстандық көлігінің Ресейден ұрланғанын білмеген
Енді оның көлігі айып тұрағында.
