Астанада көшеде бесік арбасын сүйреген төрт баланың анасы білдіртпей есірткі жарнамалаған
Астанада көшеде есірткіні жарнамалайтын QR-кодтары бар стикерлер таратқан 27 жастағы төрт баланың анасы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Деректерге сүйенсек, жедел қызметкерлер қауіпсіздік камераларының жазбаларынан күдікті әрекеттерді байқаған. Әйел ғимараттарға, кіреберістерге, шлагбаумдарға тіпті кондиционерлерге стикерлер жабытырған.
Анықталғандай, ол Telegram арналарының біріне тіркеліп, куратордан 500-ге жуық жапсырманы таратуға тапсырма алған. Бұл үшін оған ақы төленетіні және мұның артында қылмыстық әрекеттер жатқаны да айтылған.
Қазір күдіктіге қатысты есірткіні насихаттау және заңсыз жарнамалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамның асырауында төрт баласы бар.
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"
Перизат Қайраттан тәркіленген 80 миллиондық Mercedes астаналық полицейлерге берілді
Одан бөлек Перизаттан тәркіленген Mercedes-Benz EQE 500 4Matic көлігі бар. Алайда ол әзірге аукционға қойылмады