Қазақстандық депутат ауылдық жерде 85 мың айлықпен-ақ өмір сүруге болатынын мәлімдеді
“Respublica” партиясының депутаты Мейірхат Қасымбаев БАҚ өкілдеріне ауылдық аймақтарда 85 мың теңгемен-ақ күн көруге болатынын мәлімдеді. Сөзінше, ауыл аймақта кей азық-түліктерді өздері-ақ өсіріп, тұтына береді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Tizgin.kz мәліметінше, БАҚ өкілі қымбатшылық жағдайында 85 мың теңгенің ауыл тұрғындарына да жеткіліксіз болуы мүмкін екенін нақтылай отырып, депутаттан осы тұрғысынан пікір сұраған еді. Алайда депутат ауыл тұрғындарына осы жалақы да жететінін ашық жеткізді.
“Ауылдағы адамдар еңбекқор халық қой. Мәселен, сіз қалада тұрасыз, сіздің бақшаңыз жоқ. Ал ауылдағы адамдар мал ұстайды. Тамақ өзінен, сүт, көкөніс өзінікі. Сондықтан 85 мың теңге ауылда тұрып жатқан адамдарға жетеді. Еңбек еткен адамға 85 мың жетіп қалар”, – деді депутат Мейірхат Қасымбаев.
Ол қазіргі ауыл мен бұрынғы ауылды салыстырсақ, тұрмыс біршама өзгергенін тілге тиек етті.
“Біз де ауылдан шыққанбыз. Ауылда бұрынғыдай емес. Бұрын қаладан келгендер ауылдың май-сүті мен нанына жүгіретін. Ал қазір ауылға барсаң, нанды да, сүт пен майды да сатып жеп отыр. Сол себепті ол дұрыс емес деп ойлаймын. Ауыл не үшін керек? Өйткені ауыл бәрін таза жерден жұмыс істеп табу үшін ғой”, – деп сөзін қорытындылады депутат.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда 14 түрлі жәрдемақыны тағайындау тәртібіне қатысты жаңа өзгерістер қызу талқыланып жатыр. Енді әлеуметтік көмекке үміткер отбасының жағдайы тек табысымен емес, мүлкі, баспанасы, көлігі, жұмысы және басқа да көрсеткіштері арқылы бағаланады. Цифрлық отбасы картасы азаматтарды A-дан E-ге дейінгі әл-ауқат санаттарына қалай бөлетінін жазған болатынбыз.
Қазақстандық Ресейге жұмысқа кеткен інісінің Украинадағы соғысқа күштеп жіберілгенін айтып, көмек сұрады