Қазақстандық ағаштағы мысықты құтқарамын деп өліп кетті

Павлодар облысында ер адам ағаштағы мысықты жерге түсіремін деп мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ер адамның көз жұмғанын растады. Басқарманың мәліметінше, ер адамның әр жері сынған, сондай-ақ ол жедел жәрдем травмалық шок жағдайында Павлодар қаласындағы №1 ауруханаға жеткізілген. Алайда ер адам ауруханада көз жұмды.
“Орталық өнеркәсіп аймағында 50 жастағы ер адам мысықты түсіруге көмектесемін деп көз жұмды”, – деп мәлімдеді ведомство.
Жануарлар жанашыры мысықты құтқарамын деп, өзі көз жұмды
Алдын ала деректер бойынша, ер адам шамамен 6 метр биіктіктен құлаған.
Дәрігерден медбикеге дейін ақша сұрайды: Қазақстандық келіншектер перзентханадағы былықтарды ашты
Пікір қалдырғандардың басым бөлігі кейбір перзентханаларда көрімдік сұрау қалыпты жағдайға айналып кеткенін айтты
Қазақстанда ислам ипотекасы қашан іске қосылады және ол қалай жұмыс істейді
Сарапшы: "Негізгі айырмашылық бағада емес, қаржыландыру тетігі мен мәміленің құқықтық құрылымында"