Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлан Қарин: Жаңа Конституцияның негізгі ережелері мен нормаларын жүзеге асыруға қатысты жұмыс кезең-кезеңімен атқарылып жатыр

Қарин
Фото: Жалпыұлттық коалиция

Қазақстанда жаңа Конституцияға сай саяси жүйені жаңарту жалғасып жатыр. Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Президент, Құрылтай және сайлау туралы үш конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ерлан Қарин жаңа Конституцияны жүзеге асыру жұмыстары қалай жүзеге асып жатқанын айтты. Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар бірінші оқылымда үш заң жобасын қарады:

  • 8 тарау мен 43 баптан тұратын “Қазақстан Республикасының Президенті туралы” Конституциялық заңның жаңа редакциясы;
  • 12 тарау мен 60 баптан тұратын “Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы” Конституциялық заңның жаңа редакциясы;
  • “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы.

Ұсынылып отырған өзгерістер:

  • қолданыстағы заңнаманы жаңа Конституцияға бейімдеуге;
  • мемлекеттік-саяси модельді институционалдық тұрғыдан жаңартуға;
  • саяси жаңғырудың келесі кезеңіне арналған жүйелі құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған.

Ерлан Қаринның айтуынша, алдағы Құрылтай сайлауы мен заңнаманы жаңарту Әділетті Қазақстанды құрудағы жаңа кезеңнің басталғанын көрсетеді.

Айта кетейік, бұған дейін "Қазақстан Республикасының президенті туралы" конституциялық заң жобасында вице-президенттің мәртебесі мен өкілеттіктері айқындалғаны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Жұма, 08 Мамыр, 2026 13:47