Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роман Скляр ERG компаниясына басшы болады – Financial Times

Роман Скляр
Фото: Үкімет

ERG-де ірі кадрлық және меншік өзгерісі болуы мүмкін. Financial Times мәліметінше, компанияның жаңа бас директоры қызметіне Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр қарастырылып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Басылым деректеріне сүйенсек, Роман Скляр қаржы министрі Мәди Такиевпен бірге ERG басшысын ғана емес, қаржы директорын, сату бөлімінің жетекшісін және бас заңгерін де ауыстыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ басылым компанияның негізін қалаған үш отбасының екеуі өз үлестерін Шахмұрат Мұталіпке 1,4 миллиард долларға сатуға дайын екенін жазды.

“ERG-дің меншік құрылымындағы өзгеріс Қазақстанның ресурстық секторындағы ауқымды буын алмасудың бір бөлігі болып отыр. Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жақын болған аға буын өкілдері біртіндеп ығысып жатыр”, – деп жазды FT.

Еске салайық, бұған дейін Роман Скляр президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалғаны хабарланған еді. Ал осы қызметте отырған Айбек Дәдебаев лауазымынан босатылды.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 08 Мамыр, 2026 11:07