Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрылтай сайлауын өткізуге 15,5 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалмақ

Ақша
Фото: Stan.kz

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат  Өтемісов Құрылтай сайлауы АЭС бойынша өткен референдумнан да қымбатқа түсуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айта кетейік Атом электр станциясын салу бойынша референдум өткізуге 15,5 миллиард теңге жұмсалған еді. 

“Иә, қымбатқа түсуі мүмкін деп ойлаймыз. Бірақ әзірге нақты соманы айта алмаймыз. Барлығы Құрылтай сайлауының қашан өтетініне байланысты. Соған сәйкес есеп  жүргізіледі”, – деді Өтемісов.

Оның айтуынша, сайлау өтетін күн нақты бекітілген соң ғана комиссия мүшелеріне қанша жалақы төленетіні есептеледі. Ал бұл сайлау өткізу кезіндегі ең ірі шығындардың бірі. Сондықтан әзірге нақты сома айтылмай отыр дейді. 

Айта кетейік, бұған дейін Жаңа Конституцияны қабылдауға қатысты референдумға 20,8 миллиард теңге бөлінгені айтылған еді. 

Нұрила Жұмаділлә
Жұма, 08 Мамыр, 2026 11:11