Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ресми түрде ерлі-зайыптымыз": Ерболат Құдайберген екінші рет отау құрды

Ерболат Құдайберген жарымен
Фото: Видеодан скриншот

Танымал әнші Ерболат Құдайберген екінші рет шаңырақ көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қуанышты жайтты өнер иесінің жары әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол жариялаған видео ерлі-зайыпты неке куәлігін ұстап суретке түскен. Сондай-ақ әншінің әйелі “АХАЖ-ға бара жатырмыз” деген видео да жариялаған. 

“Бүгін біз ресми түрде ерлі-зайыптымыз. Ерболат Құдайбергенов және Зәуре Құдайбергенова”, – деп жазған ол.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты қызу талқылап жатыр. 

Пікірлер арасында кейбір қолданушылар “Нешінші әйелі?”, “Бірінші әйелі емес сияқты ғой”, “Әйелі бар сияқты еді ғой”, “Бұл менің сыныптасым Айгүлге үйленген еді ғой, 4 баласы бар, қателеспесем” деп жазған.

Дегенмен Ерболат Құдайберген мен оның жарына жылы тілегін жеткізгендер де жоқ емес.

“Бақытты болыңыздар”, “Тек бақыт, ешкімді тыңдамаңыздар, өмір сендердікі”, “Әдемі қыз екен”, “Өте дарынды әнші”, “Құтты болсын, керемет”, – деп жазған олар.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 08 Мамыр, 2026 09:44