Қазақстандағы электромобильдердің жартысы Алматыда: Басқа қалалардағы үлесі қандай

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылдың мамыр айында Қазақстанда 147 700 көлік құралы тіркелгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандағы көліктер саны:
- 129 000 жеңіл көлік;
- 8 700 жүк көлігі;
- 1 300 автобус;
- 1 600 мотоцикл;
- 3 600 тіркеме;
- 3 300 басқа көлік түрлері.
1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда барлығы 5 995 000 көлік құралы тіркелген. Олардың 84,2%-ы жеңіл көліктер, 8%-ы жүк көліктері, 4,3%-ы тіркемелер, 1,5%-ы автобустар, 1,2%-ы мотоциклдер және 0,8%-ы басқа көлік құралдары.
ОқыңызҰлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 1 маусымдағы жағдай бойынша елімізде 32 479 электромобиль тіркелген, бұл тіркелген көліктердің жалпы санының 0,5%-на тең.
Электр көліктерінің ең көп саны тіркелген:
- Алматыда – 17 506;
- Астанада – 3 235;
- Алматы облысында – 2 857;
- Шымкентте – 1 042.
Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, 1 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде 31 100 электромобиль тіркелген. Осылайша екі айда электромобильдер саны 1 379 бірлікке өсті.
Қазақстанда тұрғын үй бағалары қандай және салушыдан үй сатып аларда нені ескеру керек