Қазақстанда интернетте сатуға тыйым салынған тауарлар тізімі жарияланды
Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда маркетплейстерде сатуға тыйым салынатын тауарлардың тізімін жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрліктің мәліметінше, тізімді жариялау электронды саудадағы ашықтықты арттыруға бағытталған. Бұл тізім маркетплейс иелеріне, интернет дүкендерге және сатушыларға қандай тауарларға шектеу қойылғанын білуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ олар тауарларды орналастыру және сату кезінде заң талаптарын сақтай алады.
Сонымен қатар ведомство бұл тізімнің ақпараттық-анықтамалық сипатқа ие екенін және Қазақстан заңнамасында бұрыннан белгіленген талаптарды бір жүйеге келтіретінін атап өтті.
Тізімге:
- қарудың әртүрлі түрлері,
- темекі және темекі өнімдері (оның ішінде түтінсіз өнімдер),
- этил спирті мен алкоголь өнімдері,
- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, сондай-ақ басқа да тауар түрлері енгізілген.
Толық тізімді министрлік сілтемеде жариялады.
"Сауда және интеграция министрлігі заңнамаға өзгерістер енгізілген сайын және мүдделі мемлекеттік органдардан тиісті ақпарат түскен жағдайда тізімді тұрақты түрде жаңартып отырады", – деп толықтырды министрлік.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген
