ЕуроОдақ Қазақстан мен Өзбекстанда мигранттардың депортация орталықтарын ашқысы келеді: Сыртқы істер министрлігі бұған жауап берді
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ерлан Жетібаев босқындар орталықтарын құру туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Politico басылымы Еуропалық Одақ визаны жеңілдету үшін Қазақстанда босқындарға арналған орталықтар құру идеясын талқылап жатыр деп жазған еді.
Басылымның мәліметінше, бұл бастаманы Нидерланды, Австрия, Дания, Германия және Греция талқылап жатыр.

Алайда министрліктің өкілі мұны растамады.
"Менің білуімше, мұндай келіссөздер жоқ", – деді ол.
Жетібаев қазір Қазақстан ЕО-мен визалық жеңілдету, сондай-ақ елден заңсыз кеткен азаматтарды қайта қабылдау туралы келісімді талқылап жатқанын қосты.
Еске салсақ, қазақстандықтарға Шенген визасын алу жеңілдейтіні айтылған еді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды