Қазақстанда 40 жыл еңбек өтілі бар азамат зейнетке ерте шыға ала ма: Министрлік жауап берді

Қазақстандықтарға 40 жыл еңбек өтілі болған жағдайда зейнетке ерте шығу құқығын беру туралы ұсыныс айтылды. Оған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев жауап берді. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.
Ертаевтың сөзінше, бұл бастаманы министрлік талқылады, енді қарау үшін ведомстволық ұйымдар мен сарапшыларға жолданды.
“Олар өз ұсыныстарын береді. Жалпы, жұмыс тобында бірнеше ұсыныс қаралады. Біріншісі, бұған дейін айтқанымдай, "4 + 1" моделі. Бұл Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ұсынысы. Сонымен қатар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры тарапынан сақтандыру зейнетақысына қатысты ұсыныс бар. Үшіншісі, сенатор ұсынған нұсқа”, – деді Ертаев.
ОқыңызМинистрдің айтуынша, жұмыс тобының отырыстары мамыр айында басталып, ай соңына дейін жалғасады.
Мән-жайы
Бұған дейін сенатор Амангелді Нұғманов қолданыстағы зейнетақы жүйесін қайта қарауды ұсынған еді. Ол зейнет жасына ғана негізделген модельден кезең-кезеңімен бас тартып, еңбек өтілі, денсаулық жағдайы және адамның нақты еңбекке қабілетін ескеретін икемді жүйеге көшу керегін айтты. Сонымен қатар, осы бастамаларды пысықтау үшін арнайы ведомствоаралық жұмыс тобын құруды ұсынды.
Қазақстанда параллель түрде тағы бір зейнетақы реформасы "4 + 1" моделі талқыланып жатыр. Бұл модель бойынша жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының 5%-ының 4%-ы қызметкердің жеке шотына, ал 1%-ы ортақ сақтандыру қорына бағытталады. Осы тәсілдер бойынша түпкілікті шешімді 1 маусымға дейін қабылдау жоспарланған.
Тағы бір маңызды мәселе жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары. Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы бұл мөлшерлеме қызметкер табысының 3,5%-ы болады. Ал 2028 жылға қарай 5%-ға дейін өседі. Бұл механизмнің тиімділігі қазірдің өзінде байқалып жатыр. 1 сәуірдегі жағдай бойынша жұмыс берушілер 5,8 миллион қазақстандықты қосымша зейнетақы құқықтарымен қамтыған. Жыл басынан бері олардың пайдасына 951 миллиард теңге аударылған.
"Балалар еденге жатып, суға түспеген": "Өзенмұнайгаз" қызметкерлерінің балалары барған лагерь талапқа сай болмай шығып, 315 мың теңге айыппұл арқалады