BCC Life компаниясы STUDENTS ON ICE 2026 шоуының сақтандыру серіктесі болды

18 сәуірде Алматыда SOI 2026 – STUDENTS ON ICE мұз айдыны шоуы өтті. Онда студенттер, жастар және көрермендер "Әлем ерекше баланың көзімен" инклюзия тақырыбында бас қосты. Іс-шара жобаның ресми серіктесі ретінде барлық қатысушыны сақтандырған BCC Life-тың қолдауымен өтті.
SOI (Students on Ice) – спорт, өнер және қатысушылардың жеке оқиғасы арқылы тең мүмкіндіктер, қабылдау тақырыптарын зерттейтін шығармашылық жоба, әлеуметтік маңызы бар білім беруге бағытталған бастама. Бес ай ішінде кәсіби спорт тәжірибесі жоқ студенттер дисциплина, командалық жұмысты және көшбасшылық дағдыларын дамытып, “Zero to Hero” жолын жүріп өтті.
Соңғы шоу ашық диалог алаңына айналды: хореография және эмоциялы қойылымдар арқылы қатысушылар инклюзия, әр адамның құндылығы және әр адамды есту туралы идеяларды жеткізді. Жоба жауапкершілік, эмпатия, төзімділік және әртүрлі қоғамда өзара әрекеттесуге дайындық сияқты әлеуметтік маңызды дағдыларды дамытуға ықпал етеді.

"Мұндай жобалардағы өмірді сақтандыру ресми қызмет көрсетуден тысқары шығып, әлеуметтік маңызды инфрақұрылымның бір бөлігіне айналады. BCC Life компаниясының жобаны қолдауы тұрақты дамуға жасалған жүйелі жұмысымызды көрсетеді. Мұнда өмірді сақтандыру тек тәуекелдерді басқару үшін емес, сонымен қатар әлеуметтік өзгерістерді қолдау құралына айналады. Осыған байланысты SOI 2026 мұз айдыны шоуы тек мәдени іс-шара емес, бизнес пен қоғам арасындағы серіктестік арқылы жауапты және тұрақты ортаны қалыптастыру алаңына айналды", – деді BCC Life басқарма төрағасы Гульжан Джаксымбетова.
BCC Life "Банк ЦентрКредит" АҚ-ның еншілес компаниясы және өмірді сақтандыру саласында жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2024 жылғы 8 қарашадағы № 2.2.19 сақтандыру қызметіне лицензия.