Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақмыс" компаниясынан 1 тоннадан астам жанармай ұрлағандар ұсталды

Қазақмыс күдікті
Фото: Видеодан скрин

Күдіктілер жергілікті қылмыстық топ өкілінің басшылығымен құрамында бағалы металдар жоғары болатын кен қоспаларын ұрлаумен айналысқан. Қатысушылар сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыстың айтуынша, қазір полиция келтірілген залалдың 94,5 пайызы өтелгенін айтты.

Тергеушілер жергілікті қылмыстық топтың қамқорлығымен әрекет еткен топқа қатысты істі сотқа дейін жеткізген. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері құрамында бағалы металдардың жоғары концентрациясы бар кен қоспаларын ұрлаудың күрделі схемасын ұйымдастырған.

Тек 2026 жылдың басынан бері жедел уәкілдер компанияға ірі көлемде шығын келтірген төрт ұрлықты әшкерелеген.

7 мамыр күні операция Мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп жүргізілген. Бұл жолы полиция жанар-жағармай материалдарын ұрлау схемасын әшкерелеген.

Ұсталғандардан тінту барысында:

  • Бір тоннадан астам жанармай;
  • Ірі көлемдегі ақша;
  • Көлік құралдары мен заттай дәлелдер;
  • Қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленген.

"Тергеу барысында ұрлық арнайы техниканы жалған түрде жанармай құю және құжаттарды қолдан жасау арқылы жүзеге асырылғаны анықталды. Сонымен қатар кейбір күзет құрылымдарының қызметкерлері тарапынан жәрдем көрсетілгені де белгілі болды", – деді Қуандық Алпыс.

 Қазір полиция қаржылық құжаттарды талдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, келтірілген жалпы залал аса ірі мөлшерде болуы мүмкін. Тергеу жалғасып жатыр.

 

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 13 Мамыр, 2026 10:35