Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

QazaqGaz және Шеврон Жәлібек учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша серіктестік орнатты

"QazaqGaz" ҰК" АҚ және "Шеврон" корпорациясы, өзінің еншілес компаниясы "Шеврон Мұнайгаз Инк." арқылы Ақтөбе облысы, Жаңажол және Ұрықтау кен орнына жақын орналасқан Жәлібек учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша серіктестік орнату туралы келісімге қол қойды. 

Айта кетейік, бұл жоба бойынша соңғы бір жыл бойы келіссөздер жүргізіліп, техникалық дайындық жұмыстары жасалды. Бірінші кезеңде "Шеврон" қолда бар сейсмикалық мәліметтерді қайта өңдеп, техникалық түсіндірмелерді әзірлейді. Тараптар қол қойылған келісімді ауқымды серіктестіктің бастамасы ретінде қарастырып отыр.

Келісімге "QazaqGaz" ҰК АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен "Шеврон" компаниясының Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесc қол қойды. Іс-шара "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың қатысуымен өтті. 

"Біз Шеврон компаниясымен бірлесіп, жаңа газ кен орындарында жұмыс істей бастағанымызға қуаныштымыз. Жәлібек учаскесіндегі әлеуетті газ және газ конденсатты кен орындарын одан әрі геологиялық барлау және игеру, тауарлық газдың ресурстық базасын арттыруға және ел экономикасының дамуына ықпал етеді деп күтілуде. Мемлекет басшысының газ саласындағы геологиялық барлау жобаларын жеделдету жөніндегі тапсырмасын орындай отырып, еліміздің газ саласының әлеуеті халықаралық инвесторлар мен трансұлттық компанияларды қызықтырып отырғанын қуана хабарлаймыз", - деді Санжар Жаркешов.

Айта кетейік, жоба акционер "Самұрық-Қазына" АҚ және ҚР Энергетика Министрлігінің қолдауымен жүзеге асады.

"Осындай маңызды газ жобасы аясында "QazaqGaz" ұлттық компаниясымен серіктестігімізді нығайтып жатқанымызға қуаныштымыз. Қазақстанмен стратегиялық серіктестік орнатқанымызға отыз жылдан астам уақыт өтті, және бұл келісім Қазақстанның энергетикалық потенциалының өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашады. "Шеврон" компаниясы Қазақстанда газ саласын дамытудың маңыздылығын және онымен байланысты мүмкіндіктер мен перспективалардың мол екендігін түсінеді", — деп атап өтті Дерек Магнесс.

"QazaqGaz" ҰК "АҚ геологиялық барлау мен өндіруден бастап, түпкілікті өнімді өткізуге дейінгі барлық тізбек бойынша қызметті жүзеге асыратын тігінен интеграцияланған ұлттық газ компаниясы. QazaqGaz "Самұрық-Қазына"ҰӘҚ" АҚ портфельдік компаниясы болып табылады. Компания тауарлық газды магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері арқылы тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және ішкі және сыртқы нарықтарда газ сатумен айналысады, құбырлар мен газ қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады. 

Chevron - әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз прогресс үшін сенімді, қолжетімді және таза энергия маңызды деп есептейміз. "Шеврон" мұнай мен табиғи газ, жанар-жағармай өндіреді, мұнай химиясы мен қоспалар шығарады, бизнес пен өнеркәсіпті дамыту үшін технологияларды дамытады. Біз мұнай және газ саласындағы бизнесімізді дамытуды көздейміз. Қызметімізде көміртегі көлемін азайтуға және төмен көміртекті бағыттарды, атап айтқанда, жаңартылатын отын, көміртектің ауаға тарауын азайту және оффсеттерді пайдалану, сондай-ақ сутегі және басқа да инновациялық технологияларды қолданамыз. 

Талқылау