Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатты жаңбыр жауып, найзағай болады: Синоптиктер алдағы 4 күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

жаңбырлы күн
Фото: freepik.com

Синоптиктер 9-11 шілде үшін ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында және солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ түсіп, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады және екпінді жел күшейеді.

9 шілдеде елдің шығысында әлі де жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей уақыттарда қатты жаңбыр болып, кейін жауын-шашынсыз ауа райы орнайды.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда да қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Ал республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады.

Күндізгі ауа температурасы өте қатты ыстық болады. Еліміздің батысында және оңтүстік-шығысында +33…+42°С-қа дейін, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында +32…+40°С-қа дейін, оңтүстігінде +38…+45°С-қа дейін, ал шығысында +30…+38°С-қа дейін көтеріледі.

Қырмызы Скендір
Сәрсенбі, 08 Шілде, 2026 14:44