Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Qarmet" компаниясының жаңа басшысына қойылатын талап қатаңдайды": Тоқаев еліміздегі маңызды нысандарда жиі болатын апат туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсімінде Қазақстандағы Qarmet (бұрынғы "АрселорМиттал Теміртау") компаниясының жаңа иесіне қойылатын талап өте қатал болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хаюбарлайды. 

Президент бастапқыда жаңа басшының жұмысына үкімет жәрдемдесетінін, одан кейін қойылатын талаптың қатаңдайтынын жеткізді. 

"Менің тапсырмам бойынша Қарағанды ​​металлургия зауытын қазақстандық компанияның меншігіне беру мәселесі сәтті шешілді. Енді үкіметтің міндеті – оған жұмыстың бастапқы кезеңінде көмек көрсету, содан кейін жаңа иесіне қойылатын талап қатал болады", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ Тоқаев өңірлердегі коммуналдық нысандарда орын алған апаттар тізбегі республика бойынша инженерлік-энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртудың кезек күттірмейтін қажеттілігін айқын көрсеткенін атап өтті.

"Бұл мәселе назардан тыс қалып, ондаған жылдар бойы шешімін таппаған. Аз ғана уақыт ішінде мемлекет тарапынан ревизия жүргізіліп, жаңадан іске қосу және жұмыс істеп тұрған генерациялаушы қуаттарды жөндеу, жылу желілері мен басқа да инженерлік желілерді жаңарту бойынша жүйелі жұмыстар басталды. Атап айтқанда,осы жылы еліміздің батысындағы электр желілерінің қуатын екі еседен астам арттыруға мүмкіндік беретін ауқымды жоба жүзеге асырылды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Талқылау