Путинцева мен Бублик Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына өтті
Қазақстандық теннисшілер Юлия Путинцева мен Александр Бублик Францияда өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: REUTERS
Теннисшілеріміз Францияның ашық біріншілігі "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымына өтті. Әлемнің 17-ракеткасы Александр Бублик франциялық Грегуар Баррерді үш сетте 6:4, 7:5, 6:3 есебімен ұтты. Бублик келесі кезеңді германиялық Ян-Леннард Штруффқа қарсы ойнайса, Юлия Путинцева америкалық Слоан Стивенсті екі сет қорытындысы бойынша жеңіп, екінші кезеңге өтті. Ол келесі айналымда испандық Паола Бадосамен кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның белгиялық Гретье Минненді оңай ұтқанын жазған едік.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған

