Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүгін Путин Тоқаевтың аты-жөнін айтудан екі рет жаңылысты

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға сапары барысында Тоқаевтың аты-жөнін айтудан бір күнде екі рет жаңылысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан алынды

Айта кетейік, Путин Астанаға бүгін ресми сапармен келді. Тоқаев Путинді таңертең Астана әуежайында күтіп алды. Ресей президенті Владимир Путин президенттің шақыруымен келді. Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.

Бүгінгі ресми кездесу барысында, Қазақстанның оңтүстігінде орыс тілінде оқытатын үш мектеп салу жоспарланып жатқаны айтылды. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей Семей, Көкшетау және Өскемен қалаларында жылу электр станцияларын салу туралы меморандумға қол қойды.

Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаев Путиннің Астанаға сапары сирек кездесетін құбылыспен қатар келгенін айтып,  бұл құбылыс – жақсылық пен мейірімділіктің нышаны деді.

Талқылау