Путин тікелей эфирде өзінің "сыңарымен" сөйлесті
Ресей президенті Владимир Путин жылды қорытындылап, конференция өткізді. Жиын барысында оған жасанды интеллект арқылы сұрақ қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Кровавая барыня Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жасанды интеллект арқылы Путиннің сыңарын жасап шыққан Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің студенті президентке жасанды интеллектен қорқу керек пе деген сұрақ қойды.
Ресей басшысы әуелі студенттің әрекетіне жауап берді.
"Сен маған ұқсайсың және менің дауысыммен сөйлей аласың. Бірақ мен сияқты адам жалғыз. Бұл мен. Айтпақшы, менде сыңар жоқ. Жасанды интеллектен қорқу керек пе деген сауалға келер болсақ. Иіс сезе алатын және танымдық қабілеті жоғары интеллектің дамуын тоқтату мүмкін емес. Демек, біз жетекшілік етуіміз керек. Ядролық қарудың қауіпті екенін түсінген кезде келіссөздер жүргізе бастадық. Жасанды интеллектпен де солай болады", - деді Путин.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі