Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин Оңтүстік-Шығыс Азия мен Таяу Шығыс елдерінің нарығына шығу үшін Қазақстан мен Каспийді пайдаланғысы келеді

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан мен Каспий теңізі арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия мен Таяу Шығыс нарығына шығуды көздейді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев Путин

Путин сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейтетінін әрі логистикалық дәліздерді ашатынын айтты.

"Мәскеу-Қазан жедел жолын Екатеринбург, Челябі және Түменге дейін ұзарту туралы шешімдер қабылданды. Ал болашақта Иркутск пен Владивосток бағытын Қазақстанға, Моңғолияға және Қытайға шығу үшін кеңейтеміз, бұл басқалармен қатар Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарымен экономикалық байланыстарымызды айтарлықтай нығайтады", - деді Ресей басшысы сейсенбіде сөйлеген сөзінде.



Ол сонымен қоса "Қара және Азов теңіздерінің порттарын дамытуға" уәде берді.

"Біз халықаралық "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізіне ерекше көңіл бөлеміз. Биылдың өзінде ені кемінде 4,5 метр болатын кемелер Еділ-Каспий каналы арқылы өте алады - бұл Үндістан, Иран, Пәкістан және Таяу Шығыс елдерімен іскерлік ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын ашады. Біз бұл дәлізді одан әрі дамытуды жалғастырамыз", - деп қосты Путин.

Талқылау