Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин Газа секторындағы соғысты айтып, АҚШ саясатын сынап тастады

Ресей президенті Владимир Путин Газа секторындағы соғыс жағдайы туралы атып, Америка Құрама штатын сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Дөңгелек үстелге ұйымға мүше елдердің президенттері, байқаушылар мен диалог серіктестер қатысты. Жиын барысында Владимир Путин өз сөзінде Газа секторын тілге тиек етіп, АҚШ саясатын сынады. 

Сонымен қатар Владимир Путин "ШЫҰ-Ауғанстан" байланыс тобын жаңарту идеясын қолдайтынын жеткізді. Айтуынша, бұл елдегі жағдайды одан әрі қалыпқа келтіруге ықпал етеді. Путин Еуразия континентінде басқа да әлеуетті қақтығыс ошақтары барын және олардың өсуі хаос пен тұрақсыздыққа толы екенін айтты. 

“Біріншіден, әрине, Таяу Шығыс және Газа секторындағы жағдай. Тарих атап айтқанда, АҚШ-тың саяси түйінді бұзуға және екі тәуелсіз және егемен мемлекеттердің құрылуы мен бейбіт өмір сүруін көздейтін БҰҰ шешімдерін орындаудан бас тартуға бағытталған әрекеттерінің өміршеңдігі мен кері әсерін айқын көрсетеді”, – дейді Ресей президенті. 

Сондай-ақ Владимир Путин Ресейдің Шанхай ынтымақтастық ұйымынада өзіндік төлем және есеп айырысу механизмін құру туралы ұсынысын еске салды.

“ШЫҰ коммуникацияларына елдер үкіметтерінің экономикалық блоктарының отырыстары, қаржы министрлері мен орталық банктер басшыларының тұрақты кездесулері ықпал етеді. ШЫҰ Іскерлік кеңесі де жұмыс істейді, бұл бизнеске бірлескен жобаларға қатысуға мүмкіндік береді”, –  деді ол.

Ресей презилденті ШЫҰ елдерінің тығыз экономикалық байланыстары барлық мүшелерге дивиденд әкелетінін айтты. Оның айтуынша, 2023 жылы ШЫҰ-ға мүше елдердің жалпы ішкі өнімінің орташа өсімі 2,5 пайыздан асса, өнеркәсіп өндірісі 4,5 пайызға жеткен.

Талқылау