Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Психолог әйелдердің не себепті жоқ жерден ұрыс шығаратынын айтты

Ерлі-зайыптылар мен қыз-жігіт болып кездесіп жүрген жұптардың арасында болмашы нәрседен шыққан түсініспеушілік, үлкен жанжалға ұласып жатады. Көп жағдайда әйелдер тырнақ астынан кір іздеп, жанжалға себеп болатыны жасырын емес. Алайда психолог әйелдердің мндай мінез көрсетуінің өз себебі барын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аргументы и факты баслымына сілтеме жасап хабарлайды.

Психолог Татьяна Василькованың айтуынша, жоқ жерден ұрыс шығарып, өзін бұзық баладай ұстау – әйелге тән мінез.

“Сүйіктіңіздің осыған ұқсас “қылығын” байқасаңыз оның сізге айтары бар деген сөз. Күйзелісте жүрген әйелдер болмашы нәрсеге бола ұрыс шығарады. “Ол неге жабырқап жүр?” деген заңды сауал туады. Себебі әйелдің белігілі бір қажеттіліктері бар және оған қол жеткізе алмай жүр. Әйелдерде жанжалға әкеп соғатын 4 қажеттілік бар.

Өзіне назар аударту және мақтау есту

Әйел күйеуінің өзіне риза екенін көріп, одан мақтау естігісі келеді. Күйеуінің аузынан өзінің жақсы, үлгілі әйел екенін естігісі сонымен қатар күйеуіне оның бойындағы кемшіліктерін мойындатқысы келеді. Әрине, ер адамның мұндай сөздерді айтуы екіталай. Алайда әйел күйеуінен дәл осы сөздерді естуді қалайды. Ол күйеуіне “Мені жақсы көретініңді айтшы” деп тіке айта алмайды. Өйткені өзін төмендеткісі келмейді. Ал бұл сөздерді ести алмаған соң “Сен неге ештеңе байқамайсың?”, “Мендегі өзгерісті көрмейсің бе?” деп наразылық білдіре бастайды. Ер адам шаш үлгісі, жаңа ваза секілді болмашы дүниелерді расымен байқамайды. Осыдан жанжал туады. Ер адам жаратылысынан ым, ишараны түсінбейді. Оларға не керегін тіке айту керек. 

Билікті өз қолына алу 

Әйелі үйдің белгілі бір бөлігі өзіне тиесілі болғанын, өзіне құқық берілуін қалайды және сол үшін күреседі. Сонымен қатар әйел адам күйеуінің қандай да бір мәселелерде өзімен санасқанын, құрметтейтінін қалайды. Қарым-қатынастағы билік пен теңдік үшін күрес көп жағдайда жанжалға әкеп соғады. 



Демалу және жағымсыз ойлардан арылу

Егер ер адам белгілі бір нәрсені дұрыс істемесе немесе әйелге қандай да бір жағдай ауыр тисе ол жағымсыз ойлар мен сезімдерден арылғысы келеді, яғни кек алуды ойлайды. Осылайша ол демалады. Өзін қиын жағдайда қалдырған күйеуіне ауыр тиетіндей әрекетке барады. “Жақсы күйеу болып жарытпаған екенсің, мен де үлгілі әйел болмаймын” деген ойда болады. Ол ауыр ойлардан арылу үшін күйеуін ренжіту мақсатында жанжал шығарады.

Әлденеге зауқы соқпаса немесе жұмыс жасағысы келмегенде ұрыс шығарады.

Бір нәрсені жасағысы келмегенде әйел ауруды сылтау етеді немесе кінәлі адамды іздейді. Айналасындағылар өзін аяу үшін ауырған сыңай танытады. 

“Өзіне шын мәнінде не керегін білетін әйел өзі шығарған дау-жанжалдың себебін түсінеді. Ал болмашы нәрсеге бола ұрысу қарым-қатынасқа кері ықпал ететіні жасырын емес. Сол себепті ер адам әйелге “Мен сені сүйемін” деп жиі сезімін білдіріп, сыйлық жасап тұруы қажет. Сондай-ақ күйеуінің әр ісінен өзіне деген махаббатты көріп, оны бағалай білгені жақсы. “Сен мені сондай жақсы көресің” деген сөздер арқылы ер адамдар сезімін білдіріп тұрса артық етпейді. Сонда ғана әйел жоқ жерден жанжал шығаруға әуес болмайды”, – дейді психолог.

Бұған дейін диетолог кәмпиттерді пайдалы тәттілермен алмастыруға болатынын айтқан еді.

Талқылау