Прокуратура: Қазақстан темір жолы өзінің үстем жағдайын асыра пайдаланып келген
Көлік прокуратурасы "Қазақстан темір жолы" ҰК"АҚ-ның үстем жағдайын теріс пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"ҚТЖ жүктерді транзиттік тасымалдауға төлем коэффициентін 30% төмендететін арнайы тарифтік шарттарды қолданады. Тарифтерді қолданудың негізділігін зерттеу ҚТЖ компаниялар тобына кіретін ұйымдар үшін төмендеу коэффициенті осы сәттен бастап қолданылғанын көрсетті. Ал басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатысты мұндай жеңілдіктер жыл соңында көлік тасымалының кепілдендірілген көлемі орындалғаннан кейін ғана берілген", - деді прокуратура.
Көлік прокуратурасы жағдайдың теңсіздігі нәтижесінде ҚТЖ компаниялар тобына кіретін ұйымдар артықшылыққа ие болғанын айтты.
Прокуратураның наразылығымен аталған заңсыздықтар жойылып, транзиттік жүктерді тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізілді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған