Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Продюсер Әмір Мәуленов: Апалы-сіңлілі Жолдыбаеваларды үшінші әйелдікке алуға дайынмын

Қазақстандық продюсер, кәсіпкер, тоқал тақырыбын жиі көтеретін белсенді Әмір Мәуленов Кәмшат және Алтынай Жолдыбаеваларды үшінші әйелдікке алуға дайын екенін мәлімдеді. Айтуынша, ол осылайша апалы-сіңлілі Жолдыбаевалардың "шешінуін" тоқтатпақ. Әмір Мәуленов бұл туралы Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Жұртым шыдамасын" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін Әмір Мәуленов әлеуметтік желіде: "Кәмшат Жолдыбаева мен оның сіңлісін үшінші әйел етіп алуға дайынмын", - деп пост жазған. Продюсер әлі де ойының өзгермегенін айтты. 

"Көңілі қалап жатса, өздері соған дайын болса, алуға дайынмын", - деді ол. 

Оның пікірінше, әйел адамдар үйлену туралы ұсыныс алған кезде қуану керек. 

"Қыз баласы "мен сені әйелдікке алғым келеді" деген кезде қатты қуану керек. Ол ең үлкен құрмет. Бәйбіше ма, тоқал ма, айырмашылық жоқ. 
Олардың тарапынан ешқандай реніш болмауы керек деп ойлаймын. Ал халық айта береді ғой", - деді Мәуленов. 

Жылқышыбай Мәуленовке: "Екеуінің қайсысына көңіліңіз көбірек ауады?" - деген сауал тастады. Бірақ продюсер мұны қыздарға көңілі ауғаннан емес, оларға жақсылық жасағысы келетіндіктен ұсынғанын жеткізді. 



"Кәмшатты ертерек танимыз. Ол қыздың бір-ақ минусы бар деп ойлаймын. Ол шешінуі. Басқасына, өнеріне, өзін-өзі дамытуына ешқандай ренішім жоқ. Бұл жерде оны тоқтататын ер азамат керек, басқа ештеңе емес. Мен тоқтата аламын деп ойлаймын. 

Бұйыртып жатса, мен бүкіл өмірімді оған арнаймын. Бірақ мен оны алып, соңынан еріп кетпеймін. Ол менің соңымнан еретін болады", - деді белсенді продюсер. 

Продюсер Жолдыбаеваларды үшінші тоқалдыққа алған жағдайда, бірінші және екінші әйелі қызғана ма деген сауалға:

"Қызғаныш әрдайым болады. Бірақ олар менің мақсатыма сенеді. Елдің болашағы үшін жүргенімді олар біледі. Сол үшін көндігеді", - деп жауап берді. 
 

Талқылау