Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа несие берілмейді – агенттік
Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит беруге тыйым салынады. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл бағыттағы шектеулерге тоқталсақ, тек проблемалық несие болса, онда жаңа онлайн микрокредит алуға тыйым салынады. Елімізде несие алушылардың қатары не себепті өсіп отыр? Олардың банкте бір проблемалық несиесі болса, оны жабу үшін микроқаржы ұйымдарынан жаңа несие алады. Бұл тұрғыда проблемалық несиесі тіркелсе, жаңа кредит беруге тыйым салу туралы ұсыныс енгіздік", – деді Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс кулуарында тілшілердің сауалына жауап бере отырып.
Агенттік төрайымының сөзінше, бұл мәселе берілетін барлық несие түрлеріне қатысты.
Бұдан бұрын хабарлағандай, Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдерде енді несиелік ақпарат есептерді алмасу тек қарыз алушының келісімімен ғана мүмкін болмақ.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы