Президент ұсынысымен Жоғарғы сот судьясы қызметінен кетті
Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысына президент Тоқаевтың Жоғарғы сот судьясын қызметінен босату туралы ұсынысы түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Құдиярұлы депутаттарға қаулыны таныстырды.
"Комитетте президент Қ.Тоқаевтың Жоғары сот судьясын қызметінен босату туралы кандидатураны талқылап, қорытынды шығарды. Ол бойынша, Қазақстан республикасы ұсынысы негізінде және Конститутцияның 55-бабының бірінші тармақшасына, Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы заңның 34-бабының 1,8 тармақшасына сәйкес, комитет ҚР Жоғары сот судьясын қызметінен босату туралы қаулыны шығарды. Қолдауларыңызды сұраймын", — деді комитеті төрағасы.
Депутаттар Жоғарғы соттың судьясын қызметінен босату туралы қаулыны бірауыздан қолдап, дауыс берді.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"
