Президент сайлауы: Бюллетеньде "Бәріне қарсымын" деген тармақ болады
Биыл кезектен тыс президент сайлауында қазақстандықтар бюллетеньде "Бәріне қарсымын" деген тармақты таңдай алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Барлығына қарсы" бағаны заң бойынша қарастырылған. Әрине, ол болады. Азамат бірде-бір кандидатты таңдамаса, барлығына қарсы дауыс беруге құқылы", – деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафинаның айтуынша, 2019 жылы бір бюллетень 11 теңге болса, қазіргі есептеулер бойынша оның құны 22 теңгеге дейін өскен.
Айта кетейік, ертеңнен бастап Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну басталады. Сондай-ақ Президенттікке үміткерлер 3 млн теңге жарна төлейтіні белгілі болды.
Сондай-ақ Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы бейсенбі күнгі отырыста Республика Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті.
Алматы облысында кәсіпкер қараусыз қалған ғимаратты қалпына келтірген, алайда әкімдік оны тартып алған
Кәсіпкер: "Ақша, денсаулық пен 5 жыл уақытымды сарп еттім"
"Оқушылар аттестатпен қатар, кәсіп алып шығады": Қазақстандық жігіт Таиландтағы мемлекеттік мектепте ағылшын тілінен сабақ береді
Рахат: "Таиланда дүниеге келіп, Қазақстанда болып көрмеген қыздарым менімен қазақша сөйлеседі"