Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент Исекешев пен Мұхамедиұлының жұмысын қатаң сынады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевтің Астана әкімдігіне біршама дайындықпен келгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

президент

«Әсет Орентайұлы едәуір тәжірибе жинақтады, көп жылдар бойы министрлікте қызмет етті. Осы тәжірибені алып, қала басшысы ретінде қашан көрсететініңді күттім», – деп атап өтті Елбасы ЭКСПО көрмесіне дайындық жұмыстарын пысықтауға арналған жиында.

Осыдан соң Президент Астанада мәдениет және спорт нысандары бос тұрғанын айтып, Астана әкімін, Мәдениет және спорт министрін сынға алды.

«Қаншама мәдениет, спорт нысандары бар, оны ешкім басқарып жатқан жоқ, қаңырап бос тұр, ақша таппайды. Бюджеттік қаражатқа қарап отыр. Батыстың арнайы компанияларының басқаруына беріңіздер.

Ұсыныстар бар емес пе. Бірегей, үлкен спорт кешендері, театрлар салынды. Осында сырттан адамдар келуі тиіс, жарыстар, концерттер өтуі керек. Ешкім айналысып жатқан жоқ. Барлығы мемлекеттің қамтуында тұр. Арыстанбек, не істейміз?», – деп сұрады Президент ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қаратып айтқан сөзінде.

Өз кезегінде, Мәдениет және спорт министрі мәдениет нысандары 99 процентке толы екендігін және ЭКСПО шараларына билеттер аз қалғанын алға тартты.

Оқи отырыңыз:

Әлемдегі ең жас ана: 5 жасында сәбиін өмірге әкелген қыздың тағдыры (фото)

Күйеуінен 7 жас үлкен келіншек баласының әке тағдырын қайталауына қарсы

Осы уақытқа дейін өзінің кім екенін білмеген Айдананың тағдыры елді елең еткізді

Еркін Нұржанов қызының 1 жасқа толуына орай дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Әріптестері Ернар Айдардың жағдайы туралы айтты

 

 

Талқылау