Премьер орынбасары Путиннің Қазақстанға қандай мақсатпен келетінін түсіндірді
Премьер-Министр орынбасары Серік Жұманғарин Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға келу себебін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: primeminister.kz
Үкімет отырысынан кейін журналистер Путиннің Қазақстанға не үшін келетінін сұрады.
Жұманғарин атап өткендей, биыл аймақтық ынтымақтастық форумына 20 жыл толып отыр.
"Онда біз бірінші кезекте біз ел тұрғындары мен бизнес өкілдерінің түйткілді мәселелерін талқылаймыз. Бұл форумда ауыл шаруашылығына үлкен басымдық беріліп отыр. Мәселен, ауыл шаруашылығын цифрландыру, ауыл шаруашылығындағы жастар мәселесі. Сондықтан мұнда қандай саясат болуы мүмкін?! Біз экономикалық және сауда қарым-қатынастары жайында ғана талқылаймыз. Сарапшылар, аймақ басшылары келеді, өңіраралық келісімдерге қол қойылады. Ең алдымен сауда-экономикалық келісімдерге қол қойылады. Бұл екі елге тиімді болады деп ойлаймын", - деді. деді вице-премьер.
Жұманғариннің айтуынша, Ресей Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болып қала береді. Бұл елмен тауар айналымы бүгінде 27 миллиард теңгеге жетті.
"Егер өткен жылы экспорт 9 миллиардты құраса, биыл экспорт көлемі артты. Бұл тұрғыда біз жақсы көрсеткішпен келе жатырмыз", - деп қосты Серік Жұманғарин.
Еске сала кетейік, 9-қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға ресми сапармен Ресей президенті Владимир Путин келетіні туралы жазған едік.