Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Прагадағы атыс: Тоқаев Чехия президентіне көңіл айтты

Тоқаев Прага қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Чехия президенті Петр Павелге көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: reuters

Көңіл айту жеделхатының мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.

“Прага қаласындағы Карлов университетінде болған жантүршігерлік қарулы шабуыл салдарынан көптеген отандастарыңыздың қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте Чехия халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтамын, ал зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдіремін”, – делінген жеделхатта.

Еске салсақ, бұған дейін Праганың орталығындағы Карлов университетінің философия факультетінің ғимаратына қарулы адам шабуыл жасап, салдарынан 15 адам мерт болып, 20 шақты адам жараланғаны туралы жазған болатынбыз. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі атыс кезінде қаза тапқандар арасында қазақстандықтардың жоқ екенін мәлімдеді.

Талқылау