Прагадағы атыс кезінде қазақстандықтар зардап шекті ме - Сыртқы істер министрлігінің жауабы
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Чехиядағы атыс кезінде қаза тапқандар арасында қазақстандықтардың жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Чехия билігінің алдын ала мәліметі бойынша, зардап шеккендер арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ”, – деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын Прага орталығындағы Карлов университетінде болған атыс кезінде 15 адам құрбан болып, 20-ы әртүрлі дәрежедегі жарақат алған болатын.
Полицияның мәліметінше, шабуыл жасаған 24 жастағы университет студенті. Полицияның мәлімдемесіне сәйкес, ол басқа елдерде осындай шабуыл жасаған адамдарға еліктегісі келгендіктен оқ атуға шешім қабылдаған. Шабуылдаушының өзі де мерт болған.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген