Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мансабынан айырылғысы келмеген Porsche басшысы нәрестесін терезеден лақтырып жіберген

Германияда нәрестесін терезеден лақтырып жіберген әйел жеті жарым жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DailyMail сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: DailyMail

Германияның Баден-Вюртемберг штатындағы Лауфен-на-Неккар тұрғыны 28 жастағы Катарина Йовановичті 3 шілдеде Хейльбронн аудандық соты кісі өлтіргені үшін кінәлі деп тапты.

Ол 10 ай бұрын 12 қыркүйекте үйде тығылып туып алған, содан кейін жаңа туған қызын пәтерінің терезесінен жерге лақтырып жіберген.

Көшеде келе жатқан тұрғындар балконның астынан бас сүйегі сынған сәбидің денесін тауып алып, полиция шақырған.

Йованович сот отырысының басында қылмысын мойындады, сондай-ақ ол жүкті екенін білмегенін айтты. 

Ол декретке шықса, Porsche заң бөлімінің басшысы мансабынан айырыламын деп қорыққан екен.

"Сотталушы бала үшін өзінің өмірлік жоспарларын, әсіресе кәсіби дамуын кейінге қалдыруға дайын болмады", – деді прокурор Марейк Хафендорфер.

Йовановичтің адвокаттары мұны абайсызда адам өлтіру деп атады, себебі ол жүкті екенін білмей, үйде босанғаннан кейін баланы абайсызда тастап кеткен деді.

Әйелдің қорғаушылары үкімге шағымдануды жоспарлап отыр.

Талқылау