Порноактриса сиякты: Қазақстандық журналистер Алматы аялдамаларында ілінген жарнамаға қарсы дау айтты

Алматы аялдамаларында ілінген жарнама билбордына қазақстандық журналистер қарсы дау айтты. 

31 арнаның тележүргізушісі Ерғанат Көпжасар, Талғат Жанысбай сынды журналистер пікірін желіде жазды.

"Осы жаңа ғана көрген жарнамам. Атаукересін ішкендей қайтеді ей мынау?! Ішіп тұрған суы сергіткеннен гөрі секіртетін су секілді ғой", - деп жазды Ерғанат Көпжасар.

"Алматы қаласының аялдамаларында ілінген мына жарнамаларды "Құндылық пен тәрбие" Қоғамдық бірлестігі төрағасы ретінде алып тастауын талап етемін! Бүйтіп су ішпей-ақ қойдық", - дп жазды Талғат Жанысбай.

"Әйел бейнесін жыныстық тартымдылық мақсатында пайдалануды қоймай келеміз, режиссер кемшілігі", - деді Ая Бегім.

Желі қолданушылары олардың сөзін қостап, мұндай арсыздыққа жол бермеу керек деген тілегн айтты. 

"Сапасыз,сауатсыз жарнамалар өкінішке қарай қаптап тұр ғой", "Құрту керек, мағынасы жоқ", "Суды емес, қызды жарнамалап тұрған секілді", "Суреті басқа болғанымен, мағынасы басқаны білдіріп тұрғаны анық", "Осылай талап ету арқылы бәрін жөндей аламыз", - деп жазды олар.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр