Польшада 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірді
Польшада 16 жасар қазақстандықты атып өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 2 қарашада Польшаның Ополе қаласында болған.
"Атыс салдарынан 2004 жылы туған Қазақстан азаматы көз жұмды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Қазақстан елшілігі марқұмның туыстарымен байланыс орнатты, оның денесін елге жіберу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қазақстандық достарымен бірге баққа алма алу үшін барған, оқ сол жерде атылған. Марқұм Ключковице-Оседлдегі мектеп-интернаттың студенті болған. Ол халықаралық жастар алмасу бағдарламасы аясында оқыған.
Атысқа күдікті әлі табылған жоқ.
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады
Мектеп қызметкерлеріне 86 мың теңгеден астам көмек қарастырылған
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"