Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамдарды өздері анықтайды: Скринингтер мен екпелер туралы хабарлама 1414-тен келеді

хабарлама санат қазақстандықтар
Фото: magnific.com

Енді Қазақстанда скринингтер мен екпелер туралы хабарлама 1414-тен келетін болады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 9 қазаннан бастап скринингтер туралы SMS-хабарламалар жіберу пилоттық жобасы іске қосылады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрі өз мәлімдемесінде алғашқылардың бірі болып 19 қазаннан бастап Ақмола облысында, Абай және Ұлытау облыстарында 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы скринингтерден өту қажеттігі туралы жеке SMS-ескертулер жіберу жоспарланғанын жазған.

“Жүйе жүрек-қантамыр және онкологиялық ауруларды, қант диабетін, ми қанайналымының бұзылуын және вирустық гепатиттерді ерте анықтауды қоса алғанда, алты бағыт бойынша профилактикалық тексеруден өтуі қажет азаматтарды автоматты түрде анықтайды”, – деп мәлімдеді ДСМ.

Хабарлама алған адам өзінің тіркелген емханасына жүгіне алады. Ал министрлік 26 қазаннан бастап елімізідң барлық өңірінде жүргізілген вакцинациялау туралы SMS-хабарламалар жіберу жоспарланып отыр.

“Егер хабарламадағы мәліметтер шындыққа сәйкес келмесе, азамат 1414 нөміріне жауап хабарлама жіберу арқылы бұл туралы хабарлай алады. Ақпарат тексеру жүргізу үшін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жіберіледі”, – деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігі.

Еске сала кетейік, Қазақстанда медицина қызметкерлерін сақтандырудың тағы бір түрін енгізу көзделіп отыр. Бұл жолы оларды шабуылдардан қорғау қарастырылған. 

Ислам Әден
Жұма, 16 Қазан, 2026 12:42