Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Полициядан қоңырау шалып тұрмын": Қазақстанда алаяқтар алдаудың жаңа әдісін қолдануда

Қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертілді. Интернет-алаяқтары енді полиция қызметкерлерінің кейіпінде хабарласып, алдауға кіріскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

"Атап айтқанда, қылмыскерлер келесі схема бойынша әрекет етеді. Олар ұялы телефонға қоңырау шалып, өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырады. Кейін сіздің атыңызға несие алуға тырысқан алаяқтарды ұстау бойынша арнайы операция жүргізіліп жатқанын айтып, түсіндіреді. Одан соң ҚР Ұлттық банкімен бірлескен пысықтау жүргізіліп жатқанын айтып, банк қызметкерімен байланысты ауыстыру үшін желіде қалуыңызды сұрайды. Әрі қарай телефонның сол жағындағы дауыс сіздің картаңыз бойынша рұқсатсыз ақша аудару әрекеттері жүріп жатқанын және қаражатыңызды үнемдеу үшін белгілі бір соманы банктік шотыңызға немесе үшінші тұлғалардың шотына салу қажет екенін түсіндіреді", – деп хабарлады полицейлер.



Полиция қызметкерлері арнайы операциялар мен тергеу әрекеттері ешқашан телефон арқылы жүргізлмейтінін атап өтті. Бұндай жағдайларда полицейлер бөлімшеге шақыртады.

"Сонымен қатар естеріңізде болсын, банк қызметкерлері жеке тұлғадан карта туралы деректерін ешқашан сұрамайды. Ұялы телефонға келетін кіру кодтарын беруді талап етпейді. Мұндай жағдайларда сіз телефонмен сөйлесуді тоқтатып, көрсетілген сенімді нөмірге қоңырау шалуыңыз керек. Қандай жағдайда болсын өзіңіздің банктік картаңыз бен жеке басыңыз туралы деректерді ешкімге бермеңіз", - деп қорытындылады тәртіп сақшылары.

Талқылау