Қазақстанда полиция қызметкерлерінің шерулер кезіндегі әрекет ету алгоритмі жасалды
Ішкі істер министрлігі шерулер кезінде полицияның әрекет ету алгоритмін жасады. Құжат қазір қоғам талқылауында, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Нұсқаулық бойынша, полиция қызметкерлерінің міндеттері:
- Бейбіт шеру өтетін орынға 2 сағат бұрын келеді. Периметр бойынша орналасады. Жеке құрам жиынға қатысушылардың санына қарай белгіленетін болады.
- Қоғамдық тәртіпті сақтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицияның басшылық құрамынан топ жетекшісі митингке жауапты әкімдік өкілімен байланыста болады.
- Олар шеру басталғанға дейін айналадағы бейнебақылау және жарықтандыру жүйелерінің жұмысын тексереді. Сонымен қатар адамдарға қауіп төндіретін жарылғыш және басқа да бөгде заттарды анықтап, залалсыздандыруы тиіс.
Жеке құрамның митинг өтіп жатқан жерде ішімдік ішкен адамдарды оқиға орнынан алып кетуіне, тіпті қажет болған жағдайда алаңды толық турникеттермен қоршап тастауына құқылы.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды