Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кінәмді мойындаймын": Полиция Ернар Айдарды қолға түсірді

Әнші Ернар Айдар карантинді бұзды. Бұл туралы Алматы полициясы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық полицияның хабарлауынша, Ернар Айдар және тағы 12 адам бір бөлмеге жиналып, ұтыс ойнатып, тікелей эфир жүргізген.

«Мен карантин талаптарын бұзғанымды мойындап, кешірім сұраймын», - деді Ернар Айдар. 

«Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері оқиға орнына дереу жетті. Негізгі іс осы басқармада. Полиция өз құзырында бұл жағдайда қамауға алынған адамдарға тек карантин режимін бұзғаны үшін шара қолдана алады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар жасалды», - деді Медеу ауданының полициябасқармасының басшысы Болат Тотыбаев.

Істердің материалдары шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілген. Төтенше және карантиндік режимді бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Ол үшін 10 АЕК-тен айыппұлдан бастап, 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы беріледі.


Әнші Арман Қоңырбаев Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жазаланды

Талқылау