Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция арыз жазбауға көндірген: Павлодарда 8 жыл күйеуінен зорлық-зомбылық көрген әйелдің әпкесі көмек сұрады

Желіде павлодарлық әйелдің видеосы тарап жұрттың жағасын ұстатты. Мұнда әйел сіңлісінің 8 жылдан бері азаматтық некедегі ер адамнан тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп келе жатқанын жеткізген. Айтуынша әйелін пышақтауға ұмтылған азаматқа құқық қорғаушылар шара қолданбай, керісінше әйелін арыз жазбауға көндіріп жатыр екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото желі кадрларынан

Видео кадрларынан олардың үйндегі сынған есік, терезе мен қираған заттарды көруге болады. 

“17-маусымда Ақсуда менің әпкемді Қайрат есімді азаматтық некедегі күйеуі ұрып тастады. Әпкемнің денесінің бәрі көгеріп, тілінген, ішінен тепкен. Олардың үйіне келгенімде еденнен пышақты көрдім. Сөйтсем ол әпкемді пышақтағысы келген екен. Мұны естіп бірден полиция шақырдым. Оны алып кетті”, – деп жазды Аленаның әпкесі.

Ол қазір полицияның бастығы оны арыз жазбауға көндіріп жатқанын алға тартты. Айтуынша Алена күйеуі мен оның туыстарынан қатты қорқады екен. Себебі олар да ұрып-соғатын көрінеді.

“Полиция 8 жыл бойы ештеңе жасамай келеді. Осынша жыл мұндай жағдайға байланысты бірнеше рет полиция шақырдым.  Алайда нәтиже жоқ. Қазір әпкемді тағы арыз жазбауға көндіреді деп қорқамын. Полицейлер маған: "Артық мәселе не керек, бұл өмір, кенет әпкеңіз күйеуіне қайтып барғысы келсе", - деді. Ал менің әпкемнің өміріне сонда кім жауап береді?! Егер мен уақытында келмесем, ол оны өлтіруі мүмкін еді", - деп қосты ол.



“Масқара 8 жыл бойы қалай шыдаған?”, “Күйеуі заңды емес, қашан өлтіретінін күтіп жүр ме?”, “Заңсыз күйеу болса, несіне шыдап жүр?”, “Демек өзіне осы өмірі ұнайды”, – деп жазды көпшілік. 

Stan.kz тілшісі жағдайға байланысты Павлодар қаласының полиция департаментінен пікір сұрады.

“Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жанжал алкогольдік ішімдіктерді бірге ішу барысында бірге тұратындар арасында орын алғаны анықталды. Екеуі де естерін жинағанша Уақытша бейімделу және детоксикация орталығына орналастырылған.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді”, – деді полиция департаменті. 

Полицейлер сонымен қатар ерлі-зайыптының бұған дейін жүгінбегенін айтып, “полицейлердің арызды алуға үгіттеді” деген ақпаратты жоққа шығарды.

Талқылау