Полицейлерге Қазақстанның тас жолдарын жасырын патрульдеуге рұқсат берілмек
Қазақстанда полицейлерге тас жолдарды жасырын патрульдеуге рұқсат берілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Lada.kz
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің мәлімдеуінше, Атырау облысының тәжірибесі қарастырылып, заңбұзушылықтарды фото-видео тіркеуге арналған заманауи жүйелермен жабдықталған полиция көліктерінде ауылдық жолдарды патрульдеу сәтті сынақтан өтті.
Ішкі істер министрлігі тәжірибені еліміздің барлық өңірінде қолдануды ұсынды. Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының диаграммаларын жасау үшін дрондарды пайдалануға рұқсат берілмек.
Бұзушылықтар туралы ақпарат автоматты түрде "Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі" Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті орталығына жіберіледі. Ал құқық бұзушының өзі айыппұл туралы хабарлама алады.
Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайрат Сұлтанбеков жол қауіпсіздігі жағдайына жолдағы тәртіптің нашарлығы мен жолдардың жағдайы әсер етіп отырғанын айтты.