Полицейлер Семейдегі мектеп-интернаттың оқушысының өлімінен кейін тергеу жұмыстарын бастады
Полицейлер Семейдегі мектеп-интернат оқушысының өліміне қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Аталған факті бойынша Әуезов ПБ сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, оның аясында тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, істің мән-жайын зерделеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", – деді полиция.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жария етілуге жатпайды.
Еске салайық, 7 сәуірде мектеп-интернатта 13 жастағы жеткіншек тамақ ішіп отырып тұншығып қалған. Жедел жәрдем келгенше бала көз жұмған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар