Киевте Украина мен Ресейдің ымыраға келуі туралы айтылды
Украина Президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Киев пен Мәскеудің келіссөздер процесінде ымыраға келуі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кеңесшінің айтуынша, Мәскеу қақтығыстар туралы түсінігін өзгерткен.
"Бізде мүдделерді қандай да бір жолмен қорғайтын, Украинада мұндай жағдайлардың қайталанбауы туралы барлық ұсыныстар бар", – деді Украина делегациясының мүшесі.
Украина тарабының өкілі қазір атысты тоқтату мен әскерді шығаруға қатысты әртүрлі ұсыныстарды қарастырып жатқанын айтты.
"Қазір мұның бәрі шартты жұмыс топтарында, құқықтық форматтарда жүргізілуде. Қорытынды құжаттар қалай көрінуі мүмкін екендігі талқыланады. Өйткені оларға қол қою қажет болады", — деп қосты ол.
Подоляк Украина мен Ресей келіссөздерінің төртінші раунды болатынын жариялады. Ол кездесудің жақын арада болатынын хабарлады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"