Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Пышақтап, арыққа лақтырып жіберген": Түркістан облысында оқушы қызды өлтіргендерге қатысты апелляциялық сот үкімі шықты

Түркістан облысы, Төрткүл ауылында арықтан денесі табылған 9-сынып оқушысы Аружан Орынбайды өлтірді деген екі күдіктіге қатысты апелляциялық сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

18 және 20 жастағы айыпталушылар Тасқын Төлепберген мен Бейбарыс Берік қыздан жалаңаш суретін жариялаймыз деп ақша бопсалап, соңында жанжал өліммен аяқталған еді.

Сол кездегі жоғары сынып оқушысы Бейбарыс Берік Аружанға екі рет пышақ сұғып, оны арыққа лақтырып жіберді деген күдікке ілінген. Ал қызды Бейбарыспен кездесуге Тасқын Төлепберген шақырған. Жараланып жан тапсырған бойжеткен арықта 7 сағат бойы жатқан. Оны бүкіл ауыл болып іздеген. Қыздың денесі үйінің дәл артынан, арықтан табылған еді.


"Сотты сатып аламыз": Түркістан облысында аса қатыгездікпен өлтірілген оқушы қыздың өліміне қатысты сот басталды


“Прокурор Аружанды пышақтап өлтірді деген Бейбарысты 20 жылға бас бостандығынан айыруды, ал оның сыбайласын 8 жыл түрмеге тоғытуды сұрады. Алайда алқабилер қатысуымен өткен апелляциялық сот шешімі бойынша Бейбарыс 16 жылға, Тасқын 3 жылға бас бостандығынан айырылды”, – делінген сот хабарламасында. 

Талқылау